Мазмұнға өту

Себет

Себетіңіз бос

Сауданы жалғастыру

Бір топтаманың тарихы

Көшпенділер қазынасы

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан күш

Мұражайларда сақталатын мұра бар. Ал уақыт өте келе формасын, тілін және мәнін өзгертіп, өмір сүруін жалғастыратын мұра бар.

L’aroush-тың жаңа «Көшпенділер қазынасы» топтамасы Ұлы дала тарихының ең айшықты мәдени қабаттарының біріне - сақтар мәдениеті мен олардың әйгілі аң стиліне арқау етеді. Алайда өткенді сөзбе-сөз қайталаудың орнына бренд мұраға заманауи көзқарас ұсынады: мұнда көне символ бүгінгі әйел бейнесінің бір бөлігіне айналады.

«Күш - сенің мұраңда» - топтаманың басты идеясы әрі негізгі жолдауы.

Көне символдан - заманауи әшекейге

«Көшпенділер қазынасын» жасау жұмысы белгілі бір ою-өрнектен емес, әшекейлер арқылы жеткізгіміз келген мағыналардан басталды: күш, тек, сабақтастық, тектілік, құпия және белгі.

Топтаманың негізгі бейнесі - мүйіз. Ол сақтардың аң стиліндегі маңызды мотивтердің бірі және күш пен өмірдің үздіксіз қозғалысын бейнелейді.

«Көшпенділер қазынасында» көне символ заманауи сипатқа ие болады: айқын бедер оның табиғи болмысын сезіндіреді, ал үшкір ұштары әшекейлерге графикалық айқындық, мінез және нәзік батылдық береді.

Мұнда тарихи ою-өрнекті сөзбе-сөз қайталау немесе айқын этникалық сипаттағы әшекей жасау мақсаты жоқ. Керісінше, көне код формасы мен мағынасы арқылы танылып, сонымен бірге заманауи гардеробтың табиғи бөлігіне айналатындай етіп қайта пайымдалған.

Сақиналар, сырғалар, алқалар мен білезік күнделікті тағуға арналған әшекейлерге - терең мағынасын ең алдымен оны таққан әйелдің өзі білетін жеке белгілерге айналады.

Дәлелдеуді қажет етпейтін күш

«Көшпенділер қазынасының» кейіпкері - өзін ұлы мәдениеттің мұрагері ретінде сезінетін әйел.

Күшті әрі еркін. Текті әрі сенімді. Ішкі қадір-қасиеті мен мінезін өзгелерге үнемі дәлелдеуді қажет етпейтін әйел.

Сондықтан топтаманың ұраны «Күш - сенің мұраңда» болды.

L’aroush айтатын күш - қол жеткізу немесе біреуге дәлелдеу қажет нәрсе емес. Ол әйелге оның тегі, тарихы мен мәдениеті арқылы әлдеқашан тиесілі.

Әшекей осы байланысты еске салатын белгіге - жай ғана сәндік бөлшектен әлдеқайда жеке әрі мағыналы дүниеге айналады.

Оны өз мұраңның символы ретінде тағуға болады. Немесе бойында ұрпақтар күшін алып жүрген әйелге сыйлауға болады.

Тұйықталмаған шеңбер

Топтаманың басты бөлшектерінің бірі - тұйықталмаған шеңбер формасы.

Тектің тарихы аяқталмайды - ол әрбір келесі ұрпақта жалғасады. Әйел өткеннің күшін қабылдап, оны өз тарихы арқылы жаңаша ашады және бір күні келесі ұрпаққа жеткізеді.

Бұл идеяда өткен, бүгін және болашақ тоғысады. Мұра өзгермейтін, қатып қалған дүние ретінде қабылданбайды. Ол өмір сүреді, өзгереді және оны жалғастырушы әр адаммен бірге жаңа мағынаға ие болады.

Осылайша көне символ өткеннің естелігі ғана емес, тірі мұраның белгісіне айналады.

Біз өзімізбен бірге алып жүретін қазына

«Көшпенділер қазынасы» атауы тек әшекейлер туралы емес.

Топтаманың басты қазынасын бірден көру мүмкін емес. Ол - өз тамырыңды есте сақтау, тиесілілік сезімі, мәдениет және бізден әлдеқайда бұрын басталып, бізден кейін де жалғасатын тарих.

L’aroush мұраны мұражайлық символ немесе өткен алдындағы міндет ретінде емес, заманауи болмыстың табиғи бір бөлігі ретінде тағуды ұсынады.

Саған берілгенді қабылдау. Оны өзіңше ашу. Және әрі қарай жеткізу.

Өйткені шеңбер тұйықталмайды.

Тарих жалғасады.

Күш - сенің мұраңда.

Номадтар қазынасы сақинасы
Сату бағасыруб12.200,00
Номадтар қазынасы Миди аспасы
Сату бағасыруб18.300,00
Номадтар қазынасы Мини сырғалары
Номадтар қазынасы білезігі
Сату бағасыруб18.300,00
Номадтар қазынасы Қос сақинасы
Сату бағасыруб13.700,00
Номадтар қазынасы Гранд сырғалары
Номадтар қазынасы Миди сырғалары
Номадтар қазынасы Мини аспасы
Сату бағасыруб15.200,00
Номадтар қазынасы сақинасы
Сату бағасыруб12.200,00
Номадтар қазынасы Миди аспасы
Сату бағасыруб18.300,00
Номадтар қазынасы Мини сырғалары
Номадтар қазынасы білезігі
Сату бағасыруб18.300,00
Номадтар қазынасы Қос сақинасы
Сату бағасыруб13.700,00
Номадтар қазынасы Гранд сырғалары
Номадтар қазынасы Миди сырғалары
Номадтар қазынасы Мини аспасы
Сату бағасыруб15.200,00